


Жұмсақ контейнерлер сертификатталған және ISO 21898:2004 халықаралық стандартына, сондайақ Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарына толық сәйкес келеді. Төрт ілмекті таспалы биг-бэгтер тұзды, тау-кен өнеркәсібі өнімдерін (әртүрлі концентраттар, шлактар, кендер), металлургия өнімдерін (феррохром, ферромарганец, ферросилиций, шлам және т.б.), ауыл шаруашылығы өнімдерін (тұқым, астық, мал азығы), сондай-ақ газ өңдеу саласындағы өнімдерді (кесек күкірт) қаптауда кеңінен қолданылады.